Қарағандыда «Парыз-2019» байқауына өтініш қабылдау басталды

23 Шілде 2019, 18:12
2141
Бөлісу:
Қарағандыда «Парыз-2019» байқауына өтініш қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық жұмыс берушілерді «Парыз – 2019» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауына қатысуға шақырады. Оған түрлі меншік формасындағы ұйымдар қатыса алады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Байқауды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы ұйымдастыруда. 

«Парыз» байқауы жыл сайын өткізіледі. Ол екі кезеңнен тұрады - өңірлік және республикалық. Шараның мақсаты - жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, тұтастай алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру. 

Ұйымдастырушылар Қарағанды қаласының барлық жұмыс берушісін келесі номинациялар бойынша қатысуға шақырады:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және тұтастай алғанда қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ең көп санын жұмысқа орналастыру және т. б.));

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» (номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады);

3) «Үздік ұжымдық шарт» (номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады).

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін» (номинацияда корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерлердің қызметі қаралады). 

Байқау лауреаты атағына үміткерлер қағаз және электрондық жеткізгіштерде өз материалдарын рәсімдеп, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Елорданың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2019» байқауын өткізу ережесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб–сайтында жарияланды www.enbek.gov.kz немесе www.paryz. enbek.gov.kz. 

Өтінімдер биылғы жылдың 1 тамызына дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: 100000, Қарағанды, Поспелов көшесі,16, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, каб.10. Электрондық мекен-жайы: krggorsobes@mail.ru анықтама телефондары: 56-72-27, 30-01-69.

Өзгелердің жаңалығы