Партиялық тізімге енгізілген азаматтың ең жасы 1995 жылғы

10 Желтоқсан 2020, 11:55
1057
Бөлісу:
Партиялық тізімге енгізілген азаматтың ең жасы 1995 жылғы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлім етті.

Партиялық тізімге 90 әйел мен 222 ер адам тіркелді. Оның ішінде 29 жасқа толмаған 19 адам бар. Оның ең жасы 1995 жылғы азамат болса, ересегі 1950 жылғы. Тіркелген азаматтардың орташа жасы 46,7-ні құрады, - деді ол. 

Оның айтуынша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу туралы негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну сайлаудан екі ай бұрын басталып, қырық күн бұрын аяқталады. Яғни осы жылдың 10 қарашасынан 30 қарашаға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ге дейін жүргізілді.

Белгіленген мерзімде 5 саяси партиядан кандидаттардың тізімі ұсынылды. Олар -  «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Nur Otan партиясы,  ADAL  саяси партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы және «Қазақстан Халық партиясы», - деді Петров.

Оның айтуынша, тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберілді. Сондай-ақ партиялық тізімде әйелдер мен 26 жасқа толмаған адамдар саны жалпы санның 30 пайызын құрауы тиіс. Осы талаптардың бәрі сақталды.

Өзгелердің жаңалығы