Парламенттік сайлауда жаңашылдықтар болатыны сөзсіз – Жұмырбаев

30 Қазан 2020, 10:42
2278
Бөлісу:
Парламенттік сайлауда жаңашылдықтар болатыны сөзсіз – Жұмырбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы, ҚХА мүшесі Тимур Жұмырбаев алдағы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысты пікір білдірді. 

Алдағы парламенттік сайлауда жаңашылдықтар болатыны сөзсіз. Біріншіден, дауыс беру процесі өзгереді. Сайлаушылар дауысын Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына емес, саяси партияларға береді. Жақын арада партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен танысамыз деп ойлаймын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы енгізген бастаманың бірі - әйелдер мен жастарға партиялық квота бөлу, - деді Тимур Жұмырбаев. 

Ол партиялық тізімнен экономика секторы мен әртүрлі салада қызмет ететін білікті жас мамандарды көруге үмітті екенін айтты. 

Мұндай іс жастардың қоғамдық-саяси істерге араласуын белсенді ету арқылы жас кадрларды қолдауға таптырмайтын мүмкіндік деп ойлаймын. Партиялық тізімде шетелдік білім беру орталықтарында тәжірибесі бар жастар болуы керек. Сондай-ақ, Парламенттің төменгі палатасының жаңа шақырылымында парламенттік оппозиция институты іске қосылады. Ол туралы заңнамаға өзгертулерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында енгізді, - дейді ҚХА мүшесі.   

Жұмырбаев атап өткендей, 11 қаңтарда Қазақстан халқы ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтеді. 

Қазақстан Конституциясында бекітілген өкілдік елде қоғамдық келісімді сақтау мақсатында парламенттік деңгейде заңнамаға талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Мәжіліс деңгейінде барлық парламенттік партиялардың өкілдері кіретін ассамблеяның депутаттық тобын құруға мүмкіндік береді. Сайланған депутаттар Қазақстанның көпэтносты халқының делегациясынан ұсынылады. Жалпы ҚХА депутаттары Парламент Мәжілісінің комитеттерінде толыққанды жұмыс істейді, заң жобаларын қарайды, өңірлердегі халықпен жиі кездесіп тұрады, - деді ол.   

Жұмырбаевтың айтуынша, мәслихаттар деңгейінде Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің қатысуына заңнамалық бекіту жоқ. 

Бұл ретте этномәдени бірлестіктер мен ҚХА-ның басқа да құрылымдарының басшылары саяси партиялардан шығуына мүмкіндігі бар. ҚХА мүшелерінің өңірлік деңгейдегі мәслихаттарға қатысуы барлық қазақстандық этностың мүдделерін қорғауға, өңір деңгейінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті дамытуға және сақтауға ықпал ететінін атап өту қажет,- деді ол.   

ҚХА мүшесінің пікірінше, мәслихаттардың жаңа шақырылымдары бұрынғыға қарағанда өзгеше болады.   

Біріншіден, мұнда жастар мен әйелдердің өкілдік ету принципі де қолданылады, бұл жергілікті өкілетті органның құрамын жаңартуға айтарлықтай ықпал етеді. Екіншіден, Жолдау аясында Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына қол жинау және петиция жасау қызметін беру қажетін, сондай-ақ мәслихат отырыстарын онлайн көрсетуді енгізу керегін атап өтті. Бұл мәслихат депутаттары жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ халықпен неғұрлым белсенді диалог жүргізуге ықпал етеді, - дейді Тимур Жұмырбаев.   

Оның айтуынша, бұл орган облыс, қала немесе аудан тұрғындары мүдделерінің өкілі болуы тиіс, сондықтан депутаттар сайлаушылармен өз жұмысын күшейтуі қажет. 

Мәслихат депутаттарын сайлау процесі партиялық тізімдер бойынша өтеді, бұл-алдағы сайлау алдындағы кампанияның жаңа енгізілімдері. Мысалы, «Nur Otan» партиясында партияішілік іріктеудің бірінші кезеңі өтті, онда партияның қатардағы мүшелері өздері лайықты деп санайтын партиялық тізімдерге кандидаттар үшін өз дауыстарын беруге мүмкіндік алды. Бұл да білікті кадрларды іріктеу үшін жақсы мүмкіндік болып табылады, өйткені кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларын және өз ауданы, қаласы немесе облыстың өзекті мәселелерін шешу тетіктерін ұсынуға мүмкіндік болады, - деді ол.
        

 

 


Өзгелердің жаңалығы