Парламентке оппозиция керек - Әшімбаев

19 Наурыз 2023, 09:31
738
Бөлісу:
Парламентке оппозиция керек - Әшімбаев
Фото: Арман Мухатов

Парламентке оппозиция керек. Мұндай пікірді Сенат төрағасы журналистерге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Парламентке оппозиция әрқашан да керек деп ойлаймын. Десе де оппозиция конструктивті болуы керегін де айтуымыз керек. Үкіметке, мемлекеттік органдарға ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін айтып отыратын оппозиция керек. Сол себепті толыққанды, жан-жақты дамуымыз үшін саяси оппозиция керек. Осы бағытта да тиісті заңдарды қабылдаған болатынбыз. Конструктивті оппозиция керек екені күмән тудырмайды. Ондай партиялар қазір де бар, - деді Сенат спикері.

Әшімбаев атап өткендей, AMANAT партиясынан басқа өздерін оппозиция деп жариялаған партиялар бар.

Айта кетейік, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады. Сонымен қатар Әшімбаев қазақстандықтарды сайлауға баруға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы