Парламентке көп партияның келуі қоғамның сұранысы - әлеуметтанушы

29 Наурыз 2023, 11:20
1074
Бөлісу:
Парламентке көп партияның келуі қоғамның сұранысы - әлеуметтанушы
Фото: Жеке мұрағат

Көп партиялық жүйенің болуы саяси алаңда партиялар арасындағы бәсекелестікті күшейтеді. Бұл пікірді әлеуметтанушы Дулат Өтеғали айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы сайлауда алдыңғы сайлау нәтижелеріне қарағанда партиялар санының екі еселенгенін байқауға болады. Яғни, парламентте көп партиялық жүйенің болатындығын көріп отырмыз. Көп партиялық жүйенің болуы саяси алаңда партиялар арасындағы бәсекелестікті күшейтеді. Әрбір партия сайлау науқанынында айтылған бағдарламаларын іске асыруға тырысады. Депутаттар халыққа берген уәделерін орындауға барынша қызмет жасайды деп ойлаймын. Мәжіліс қабырғасында талқыланатын заңдар немесе қандай да бір мәселелер жан-жақты қаралып, саяси плюрализмнің орнауы ықтимал. Бұл сапалы заңдардың қабылдануына септігін тигізетіні анық, - деді  Дулат Өтеғали.

Ол Парламентке 6 партияның өтуі елдегі саяси реформаның нәтижесі екенін атап өтті.

Парламентке өту саяси партияның межесі 7 % -дан 5 % -ға төмендетілді. Соның да себебінен саяси алаңда партиялар пайда болды. Қазіргі таңда партиялар тізіміне назар аударатын болсақ,  30 % квотамен партиялардың ішінен жастар, әйелдер сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар депутаттық мандатты иеленіп отыр. Олар парламентте болатын барлық заң шығару процестеріне, өзгерістерге қатыса алады, - дейді спикер. 

Оның айтуынша, сайлаушылардың да құқықтық жауапкершілігі жоғарылаған. Егер өздері сеніп дауыс берген кандидат дұрыс жұмыс істей алмаса, халық бір мандаттық округ бойынша сайланған депутаттардың жұмысын кері қайтару механизмі арқылы тоқтата алады. Сол себептен, бір мандаттық округтен өткен депутатар өздерінің сайлауалды бағдараламаларын жүзеге асыруға мүдделі. 

Өзгелердің жаңалығы