Парламент тұтынушыларды сапасыз тауарлардан қорғайтын заңды қабылдады

24 Желтоқсан 2020, 13:52
1649
Бөлісу:
Парламент тұтынушыларды сапасыз тауарлардан қорғайтын заңды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Техникалық реттеу туралы» заң жобасы қабылданды.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, заң жобасын әзірлеу кезінде тұтынушыларды қауіпті өнімнен қорғап қана қоймай, бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде оларға артық жүктеме көрсетпей, отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін енгізе алатын жаңа нормативтік базасы құрылады.

Мемлекеттік бақылау кезінде жедел ден қою тетігі енгізіледі.

Бұл мәселедегі заңнамалық жаңалық – субъектілердің бақылауынан объектілердің бақылауына көшу. Яғни өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексерілетін болады. Ол үшін зертханаларда сынақ жүргізу үшін адам өміріне қауіпті өнім үлгілерін сатып алу рәсімдері енгізіледі. Қауіпті өнімнің отандық нарықтағы айналымының шұғыл жолын кесу мақсатында заң жобасында кәсіпкерлік кодекске сәйкес жедел ден қоюдың екі шарасы көзделеді,- деді министр.

Оның айтуынша, расталған сынақтардың нәтижелері бойынша қауіпті өнім алынады. Сондай-ақ сертификаттаудан өтпеген немесе сертификаты жоқ өнімді айналымға шығаруға тыйым салынады.

Бұл ретте заң жобасы жаппай бақылауды көздемейді. Объектілер ақпараттық базада «онлайн» режимде қадағаланатын болады.Жедел ден қою шаралары бұлтартпайтын дәлелдер болған кезде ғана қолданылатын болады, ал өнімді айналымға шығаруға тыйым салу анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін қолданылады,- деді Бақыт Сұлтанов.

Екіншіден, сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіру, сертификаттау процестерін цифрландыру ескерілген. Үшіншіден, салалардағы техникалық реттеуді күшейту қарастырылған. 

Еуразиялық экономикалық одақ аясында келіссөздер позициясын сапалы қалыптастыру мақсатында салалық мемлекеттік органдар жанында сараптамалық кеңестер қызметін қайта құру көзделуде. Ұлттық техникалық регламенттерді әзірлеудің тәртібі қайта қаралады. Бизнес үшін ерікті сертификаттау жүйесін құрудың құқықтық тетігі белгіленеді. Қазақстанда тиісті зертханалық практиканы дамыту мәселесіне аса көңіл бөлінеді. Бұл Экономиқалық ынтымастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде қазақстандық сынақ хаттамаларын тануға серпін береді, -дейді ведомство басшысы.

Аталған нормалар қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға, отандық өндірушілердің бәсекелестік артықшылығын және Қазақстанға тиімді позицияларды кәсіби түрде қорғауға бағытталған деп отыр.



Өзгелердің жаңалығы