Парламент депутаты: Шешім жоғарыдан төмен қарай емес, төменнен жоғары қарай қабылдануы тиіс

26 Наурыз 2022, 14:14
1950
Бөлісу:
Парламент депутаты: Шешім жоғарыдан төмен қарай емес, төменнен жоғары қарай қабылдануы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты.

Біз соңғы он жылда партиялық жүйені дамытуға акцент қойдық. Бұл жүйеде партияның күшін арттыруға жол жасалды. Енді қоғам партиялық тізбемен дауыс беру форматына үйренген уақытта бірден мажоритарлық сайлау жүйесіне келе жатырмыз. Біз түсінуміз қажет Президенттің кешегі реформалары жергілікті әкімдіктерге сонымен қатар жергілікті территориялық басқару формасының деңгейін көтеруге көзделген, - деді  ол.

Оның айтуынша, кез келген шешім жоғарыдан төмен қарай емес төменнен жоғары қарай қабылдануы тиіс.

Егерде аудандық мәслихаттарымызды күшейтетін болсақ, одан кейін облыс мәслихаттары күшейеді. Түптеп келгенде бұл биліктің күшеюіне алып келеді. Өйткені жоғары Заң шығарушы биліктің азаматтардың барлығы өңірлерден келеді, - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Еске салайық, «Желмая» жобасының кезекті қонағы  ҚР  Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент Жолдауы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының  қалай жүзеге асатынын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы