Парламент депутаттары елорда атауын өзгертуді талқылап жатыр

16 Қыркүйек 2022, 10:24
1757
Бөлісу:
Парламент депутаттары елорда атауын өзгертуді талқылап жатыр

Бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бірлескен отырыста «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралуда.  

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасы Конституцияның 91-бабына сәйкес Парламенттің қарауына берілді. Ол Мемлекет басшысының саяси бастамаларына сәйкес, сондай-ақ  Парламент депутаттарының ұсынысы бойынша әзірленді. Заң жобасы 5 бапқа өзгерістер енгізуді және бір баппен толықтыруды көздейді. Түзетулер үш блоктан тұрады, - деп атап өтті отырыста сөз алған Әділет министрі Қанат Мусин. 

Сондай-ақ ол ел астанасының атауын өзгерту мәселесіне тоқталды. 

Қазақстан Республикасы астанасының атауы Астана деп өзгерту. Елорда атауын өзгерту мәселесін азаматтар ұзақ уақыт бойы кеңінен талқылауда. Ол кездесулер барысында және референдум кезінде азаматтардың үндеулерінде көтерілді. Сондықтан қоғамдық пікірді ескере отырып, депутаттардың бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді. Елорданың атын өзгерту бойынша бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды. Осылайша, заң жоба аясында көзделген конституциялық новеллалар Мемлекет басшысының саяси бастамалары мен депутаттардың ұсыныстарын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл саяси жүйенің мүлдем жаңа стандарттарын белгілейді, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы