Парижде электросамокаттарға тыйым салынады

3 Сәуір 2023, 20:11
1074
Бөлісу:
Парижде электросамокаттарға тыйым салынады
Фото: iz.ru

Жергілікті тұрғындардың 89 пайызы электр скутерлерінің жүруін қамтамасыз ететін операторлардың жұмысын жалғастыруға қарсы дауыс берген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігі алдағы күндері 15 мыңға жуық электросомакаттың жалға берілуіне тыйым салмақ. Операторлардың "ережелерді сақтауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш саламыз" деген уәделеріне қарамастан билік осындай шешімге келіп отыр. 

Полиция дерегіне қарасақ, былтыр Парижде әрбір үшінші адам осы скутер кесіренен көз жұмған. Ал жарақат алғандардың саны 500-ге жуықтапты. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 42 процентке көп.

Өзгелердің жаңалығы