Паралимпиада ойындары тарихи жеңіске толы болды – Ақтоты Райымқұлова

7 Қыркүйек 2021, 16:46
22662
Бөлісу:
Паралимпиада ойындары тарихи жеңіске толы болды – Ақтоты Райымқұлова
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпиондарын марапаттау рәсімі өтті.

Паралимпиада ойындары тарихи жеңіске толы болды – Ақтоты Райымқұлова

Салтанатты іс-шара Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өтті. Кездесу барысында Токио-2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушылары марапатталды.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова салтанатты іс-шара барысында спортшыларды жеңістерімен құттықтады.

Паралимпиада ойындары тарихи жеңіске толы болды – Ақтоты Райымқұлова

Токио төріндегі байрақты бәсекеден оза шауып, қазақ халқына олжа алып келген ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына алтын, күміс және қола медальдерін сыйлаған паралимпиадашы спортшыларға салтанатты түрде құрмет көрсетуге жиналып отырмыз. Паралимпиада ойындары тарихи жеңіске толы болды, - деді министр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Давид Дегтярёв алтын алып, жүлдегер атанды. Ал татамиде өнер көрсеткен парадзюдошыларымыз Әнуар Сариев пен Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина Олимпиаданың күміс медалін, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.

Жалпы есеп бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль бар.

Өзгелердің жаңалығы