Паралимпиада-2020: Домбаев соңғы секундта қоладан айырылып қалды

3 Қыркүйек 2021, 18:17
3686
Бөлісу:
Паралимпиада-2020: Домбаев соңғы секундта қоладан айырылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода өтіп Паралимпиада ойындарында пара таэквондадан отандасымыз Нұрлан Домбаев қола алу мүмкіндігін жіберіп алды.

Қола үшін кездесуде қазақстандық таэквондошы аргентиналық спортшы Хуан Самораномен кездесті. Алғашқы екі раундта басымдық көрсеткен спортшымыз шешуші кезеңде қарсыласынан 13:12 есебімен жеңілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Давид Дегтярёв алтын алып, жүлдегер атанды. Ал татамиде өнер көрсеткен пара дзюдошыларымыз Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина Олимпиаданың күміс медалін, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.

Өзгелердің жаңалығы