Пара дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады

19 Сәуір 2023, 13:15
760
Бөлісу:
Пара дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады
Фото: Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

28-30 сәуір күндері Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық біріншілікке Азияның 11 елінен 80-нен астам татами шебері қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан J1 және J2 санаты бойынша 22 дзюдошы бақ сынайды.

Азия чемпионатына дайындық тыңғылықты жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрама Алматыда жарыс алдындағы соңғы қорытынды жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда. Азия чемпионатына қатысатын спортшылар қатарында тәжірибелі балуандар да, жас спортшылар да бар.Биыл Шымкентте өткен Қазақстан кубогінде жаңа есімдер іріктеліп, құрама жасақталды. J1 санатындағы, көзі мүлдем көрмейтіндер санатындағы балуандар үшін бұл әлемдік дәрежедегі алғашқы біріншілік болайын деп тұр.

Құрлықтық бәсеке өз елімізде өтетін болғандықтан жауапкершілік өте жоғары. Спортшыларымыздың физикалық, психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсы. Елордамызда өтетін жарыста құрамадағы әрбір спортшы нәтижелі күрес көрсетеді, ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін, - дейді пара дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.

Айта кетерлігі, Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Пара дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі келесідей:

Әйелдер

J2 -48 кг: Ақмарал Науатбек

J1 -57 кг: Альфия Тілекқабыл, Дилором Диханова

J2 -57 кг: Даяна Федосова

J1 -70 кг: Динара Куджулова

J2 -70 кг Диана: Бөлекова

J1 +70 кг: Зәуре Айтек

Ерлер

J1 -60 кг: Мұрат Мадинов, Темірболат Ташекенов

J2 -60 кг: Ануар Сариев

J1 -73 кг: Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов

J2 -73 кг: Олжас Оразалылұлы, Азамат Нокушев

J1 -90 кг: Абылай Әділбеков, Бауыржан Арыстанбеков

J2 -90 кг: Жанбота Аманжол, Ғалымжан Смағұлұлы

J1 +90 кг: Ерлан Өтепов, Бағлан Оңалбек

J2 +90 кг: Ерлан Конкиев, Талғат Ажғалиев

Өзгелердің жаңалығы