Пара беру, алу, делдал болу. Жемқорлық жасағандарды қалай жазалайды?

4 Мамыр 2022, 11:02
4227
Бөлісу:
Пара беру, алу, делдал болу. Жемқорлық жасағандарды қалай жазалайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы «Желмая» жобасында айтты. 

Агенттік тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Біріншіден, заңды қатаңдаттық. Қазір заң осал емес. Пара алған мен бергеннің жауапкершілігі бірдей. Пара көлеміне қарай 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Заңды қатаңдатып, оны жасырып отырған жоқпыз. Міндетті түрде халыққа жеткізіп отырамыз. Мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, тұрғындармен кездесулерде қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіреміз, - деді ол. 

Асанұлы пара бергені, алғаны үшін де, делдалдық үшін де жаза қатаң екенін халыққа жеткізетіндерін айтты. 

Жемқорлыққа барған азамат сот үкімімен «жемқор» деп танылса, өз өміріне толығымен балта шабады. Болашақта мемлекеттік мекемелер мен мемлекет қаржыландыратын мекемелерде жұмыс істей алмайды. Мемлекет тарапынан жасалған іс аз емес, енді азаматтардың санасын өзгерту керек, - деді Ғанижан Асанұлы.  

Өзгелердің жаңалығы