Пара алған директорға 185 млн теңге айыппұл салынды

10 Наурыз 2023, 09:45
911
Бөлісу:
Пара алған директорға 185 млн теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Антикордың Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.

А.ж. 3 наурызындағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. 

Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. 
 

Өзгелердің жаңалығы