Пандемия бизнеске қалай әсер етті?

24 Желтоқсан 2021, 18:04
1582
Бөлісу:
Пандемия бизнеске қалай әсер етті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде карантин бизнеске ғана емес, барлық салаға өз әсерін тигізді. Десе де, кәсіпкерлік саны былтырмен салыстырғанда биыл 2 пайызға көбейген. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов айтты.

Пандемияның салдары тек бизнеске емес, барлық салаға әсер еткені белгілі. Жалпы алғанда елімізде кәсіпкерлік саны артты. 2020 жылдың 1 қаңтарында 1 330,2 мың шағын және орта бизнес субъекті болса, осы жылдың қаңтарында 27,1 мыңға артып, 1 357,3 мыңға жетті. Яғни 2 пайызға көбейді, - деді ол.

Айтуынша, кейбір салада кәсіпкерлік азайған.

Дегенмен кейбір салада азайғанын байқадық. Салалар бөлінісінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны да әртүрлі болып отыр. Мәселен, былтыр 1 қаңтарда көтерме және бөлшек сауда саласында 442,4 мың субъект болса, биыл 1,4 пайызға қысқарып, 436,1 мыңы қалған. Қаржы, көлік және қойма, жылжымайтын мүлік бойынша операциялар саласында да кәсіпкерлер азайған. Керісінше, ауыл шаруашылығы (3,4%), құрылыс (11,2%), денсаулық сақтау (10,1%) және басқа салаларда кәсіп ашқандар көбейді, - деп түсіндірді Нариман Әбілшайықов.

Сонымен қатар Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілері 6,1% артты.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 424 мыңды құрады, оның ішінде 2,7 мың (0,2%) орта бизнестегі заңды тұлғалар, 298 мың (20,9%) шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, сондай-ақ 902 мың (63,3%) жеке кәсіпкерлік, 221 мың (15,5%) ауыл шаруашылығындағы заңды тұлғалар тіркелген. 2020 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған шағын-орта бизнес субъектілерінің саны 81 мыңға немесе 6,1% пайызға көбейді, - деп айтты «Атамекен» өкілі.

 

Өзгелердің жаңалығы