Панаманың оңтүстігінде жер сілкінді

Жер сілкінісінің қарқындылығы 7 балға жеткен. Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.

 istockphoto.com 13 Қазан 2026, 11:11
13 Қазан 2026, 11:11
138
Фото: istockphoto.com

Астана уақытымен 13 қазанда сағат 04:20-да болған жер сілкінісінің ошағы 11 шақырым тереңдікте орналасқан. Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісі Рио-Гранде қаласынан батысқа қарай 17 шақырым жерде болған.

Меркалли шкаласы бойынша жер сілкінісінің қарқындылығы VII балға жеткен. Қауіп туралы ескерту деңгейі жасыл болып белгіленді.

Айта кетейік, бұған дейін, жұма күні, Панаманың оңтүстігінде магнитудасы 7,2 болатын  күшті жер сілкінісі болған. Эпицентрге жақын аумақта ғимараттар қирап, елдің әртүрлі өңірінде тұрғындарды эвакуациялау шаралары жүргізілген. Негізгі дүмпулерден кейін бірнеше афтершок тіркелген.

Наверх