La Prensa басылымының хабарлауынша, Панамада магнитудасы 7,2 балдық күшті жер сілкінісі болып, елдің басым бөлігіне әсер еткен.
Панама университетінің Геоғылымдар институтының алдын ала мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 4 шақырым тереңдікте, Тоноси қаласынан батысқа қарай 39 шақырым жерде орналасқан. Алғашқы қуатты дүмпуден кейін шамамен 13 афтершок тіркелген. Олардың бірінің магнитудасы 6,0 болған.
Кокле провинциясындағы Пенономе қаласында Сан-Хуан-Баутиста соборының бір бөлігі қираған. Сондай-ақ губернатор әкімшілігінің ғимараты мен Dos Continentes қонақүйіне зақым келген.
Жер сілкінісі Панама-Сити астанасының бірнеше ауданында, сондай-ақ Верагуас және Кокле провинцияларында тұрғындар арасында үрей туғызған.
Елдің әртүрлі аймақтарында адамдар кәсіпорындардан, мектептерден және тұрғын үйлерден эвакуацияланған.
Панама Білім министрлігі ел бойынша түстен кейінгі сабақтарды уақытша тоқтатып, барлық әкімшілік кеңселерін жапты.
АҚШ-тың Цунами туралы ескерту қызметі Орталық Американың Тынық мұхиты жағалауының басым бөлігіне, сондай-ақ Колумбия мен Эквадорға цунами қаупі төнуі мүмкін екенін хабарлады.