Пакьяо МакГрегормен жекпе-жек өткізуге келісті

2 Қазан 2020, 19:28
1268
Бөлісу:
Пакьяо МакГрегормен жекпе-жек өткізуге келісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо UFC жұлдызы Конор МакГрегормен жұдырықтасуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшының тек бір шарты бар. Пакьяоның промоутерлік компаниясы осы кешті ұйымдастырушылардың бірі болуы керек. 

Сонымен бірге, боксшының өзі МакГрегордың менеджері Paradigm Sports Management компаниясымен байланысын жоққа шығарады. Пакьяоның айтуы бойынша, ол өзінің жеке басқарушы Pac Sports and Entertainment ұйымын құрды.

 

Менің қазіргі уақытта Paradigm Sports Management-пен келісімшартым жоқ. Мен өзімнің Pac Sports and Entertainment компаниямды құрдым. Көбі Конормен жекпе-жекті көргісі келеді. Бұл тілекті орындауға дайынмын, - деді Мэнни The Daily Mail-ге берген сұхбатында.

Өзгелердің жаңалығы