Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі ұсталды

10 Мамыр 2023, 08:27
570
Бөлісу:
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі ұсталды
Фото: sky.com

Исламабадта Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі және "Әділет қозғалысы" оппозициялық партиясының төрағасы Имран Хан тұтқындалды, деп жазады BAQ.KZ TACC порталына сілтеме жасап.

Саясаткер "Аль-Кадир траст" қорының қаражатын мақсатсыз ысырап ету ісі аясында қамауға алынды.

Еске сала кетсек, Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан 2022 жылдың 10 сәуірінде қызметінен босатылды.

Қазіргі уақытта Пәкістан соттарында оған қатысты түрлі айыптар бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Өзгелердің жаңалығы