Пәкістанда су тасқынынан 10 адам көз жұмды

Пәкістанда су тасқынынан 10 адам көз жұмды
560

Пәкістанның Белуджистан провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан кемінде 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Dawn газетінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні елдің Хуздар, Зоб және Аваран қалаларында толассыз нөсер жаңбыр жауған.

Табиғат апаты салдарынан 10 адам көз жұмған.

Оның 8-і бір отбасының мүшелері екені белгілі болды. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш әйел бар. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы