Пәкістанда пойыз рельстен шығып кетіп, 30-дан астам адам қаза болды

7 Тамыз 2023, 09:30
671
Бөлісу:
Пәкістанда пойыз рельстен шығып кетіп, 30-дан астам адам қаза болды
Фото: скриншот

Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The News International мәлім еткендей, алдын ала ақпарат бойынша Hazara Express пойызындағы 17-і вагонның 10-ы рельстен шығып, апатқа ұшыраған.

Жол апаты Карачи қаласынан 275 шақырым жерде болған.

Жол апаты салдарынан 30-дан астам адам, 80-ге жуық адам түрлі жарақат алды. 

Қазірдің өзінде пойыздан шыға алмай жатқан адамдар бар.

Ауданның ауруханаларында төтенше жағдай жарияланды.

Қазір апат болған жерде 100 полиция қызметкері кезекшілік етуде.

Жергілікті билік деректеріне сәйкес теміржол қатынасын қалпына келтіру жұмыстары 18 сағаттан астам уақытты алуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы