Пәкістанда автобус өртеніп, он сегіз адам мерт болды

15 Қазан 2022, 04:23
957
Бөлісу:
Пәкістанда автобус өртеніп, он сегіз адам мерт болды

Сәрсенбі күні кешке Пәкістанның оңтүстігіндегі Синд провинциясында жолаушылар автобусы өртеніп, кем дегенде 18 адам қаза тапты, 28 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция бастығының орынбасары Ваджид Тахимнің айтуынша, оқиға Джамшоро ауданындағы Нуриабад қаласына жақын жерде болған. Апаттық автобус Карачи портынан Даду ауданындағы Хайрпур Натан Шахқа бара жатқан.

Бастапқы тексерулер өрттің салқындату жүйесіндегі ақаудан шыққанын көрсетті. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өртті сөндірді, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Автобус салонында бір ауылдан келген 55 жолаушы болған. Ваджид Тахим қаза тапқандар арасында сегіз баланың бар екенін атап өтті. Аурухана қызметкерлері қаза тапқандар саны артуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Себебі зардап шеккендердің бірнешеуі ауыр күйік алған.

Өзгелердің жаңалығы