Пәкістан заңсыз мигранттарды депортациялап жатыр

3 Қараша 2023, 07:45
860
Бөлісу:
Пәкістан заңсыз мигранттарды депортациялап жатыр
Фото: ашық дереккөз

Пәкістан билігі заңсыз жүрген мигранттарды отанына күштеп қайтара бастады. Көнбегендерін полиция ұстап қамауға мәжбүр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың кейбірі тіпті баспана салып, орнығып алған. Үкімет ол үйлерді сүріп жатыр. Осы себепті Ауғанстанмен шекараға қарай босқан халық саны көбейді Себебі Пәкістанда құжатсыз жүргендердің көбі ауғандар. Сарапшылар заңсыз мигранттарды қууды екі ел арасындағы қатынастың шиеленісуімен байланыстырады.

Ал соңғы дерекке сүйенсек, Пәкістанда 4 жарым миллиондай ауған бар. Осы себепті БҰҰ ресми Исламабадты бұл шешімді қайта қарауға шақырып отыр. Себебі оларды депортациялау көп жыл бойы қарулы қақтығыстан көз ашпай экономикасы күйреп, дағдарысқа ұшыраған мемлекет үшін ауыр тиеді дейді.

Өзгелердің жаңалығы