"Пәк" қыздардың тізімі: Министр шу болған тізімге қатысты жаңа дерек айтты

6 Наурыз 2024, 13:43
1995
Бөлісу:
"Пәк" қыздардың тізімі: Министр шу болған тізімге қатысты жаңа дерек айтты
Фото: BAQ.KZ -архив

Шу болған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық деректерінде гинекологқа қаралған-қаралмаған мәселелері жазылған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, екі жақтан да қателер анықталған.

Медициналық орталық қызметкері студент қыздарға арналған қосымша медициналық ақпарат бар жолдарды құжаттан алып тастамаған. Ал деканат қызметкері де бұл деректерді алып тастау керегін білмей немесе маңызды деп санамай, тізімді таратып жіберген.Тізімді алып, куратормен бірге бүкіл деканатқа “осы студенттердің флюрографиядан өтуін қамтамасыз етіңіздерші” деген өтінішпен таратқан. Міне енді осы жерде ең маңыздысы басталады. Неліктен пәктікті анықтау үшін тексеру жүргізілді? Шын мәнінде, бұл белгіленген студенттер маманның, гинекологтың тексеруінен өткен не өтпеген студенттер. Яғни, мәселе пәктікті анықтауда тұрған жоқ, тек гинекологтың тексеруінен өту қажет болған. Олар мұны медициналық түрде өздерінің тізімінде белгілеген. Яғни, бұл жерде бірден екі қате болып отыр. Медициналық орталық мұндай форматта ақпаратты жібермеуі керек еді, деканат та оларды тексеруі керек еді, – деп айтты Саясат Нұрбек.

Журналистер құжатта "вирго" (қыз) деп белгіленгенін еске сала кетті.

Министр тексеру барысында бұл медициналық терминнің нені білдіретінін бірнеше рет түсіндірді. Оның айтуынша, бұл гинекологтың тексеруінен өткендерге арналған белгі.

Тергеудің түпкілікті нәтижесін күтейік, ал судья мұны бағалайды. Дербес деректер жарияланғаны анық. Мұны мойындап, жазалау керек. Бұл анық құқық бұзушылық, - айтты ведомство басшысы Мәжілістің кулуарында.

Тізімдегі қыздар моральдық зардапты ақшалай өндіре алатыны туралы заңгер айтқаны туралы жазғанбыз. Денсаулық сақтау министрі де осы мәселеге қатысты пікір білдірген еді. Алматыдағы ҚазҰУ-де пәк қыздар туралы деректі кім таратқаны туралы да осыған дейін жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы