Пәкістанда мешітте жарылыс болып 14 адам қаза тапты

11 Қаңтар 2020, 16:20
2524
Бөлісу:
Пәкістанда мешітте жарылыс болып 14 адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Пәкістандағы Квет әкімшілік орталығында мешітте жарылыс болып, 14 адам қаза тапты, тағы 20-сы жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Полиция инспекторы Абдул Раззак Чиманың айтуынша, жарылыс болған кезде мешітте адамдар құлшылық етіп жатқан. Жарылыс көптеген адамның өліміне әкелген, қазақ тапқандар ішінде Квет орталығының полиция басшысының орынбасары да бар.

Белуджистан провинциясы ішкі істер министрі Зия Уллах Лангаудың мәліметінше, мешітке кірген жанкешті лаңкес өзін-өзі жаруы мүмкін. Осы оқиғадан кейін провинциядағы мешіттерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Бұл Кветте бір аптада болған екінші жарылыс. 7 қаңтар күні қауіпсіздік күштерінің көлігіне шабуыл жасалға. Нәтижесінде 2 адам қаза тауып, 18-і жарақат алған еді.

Өзгелердің жаңалығы