Пәкістан ұшқыштарының 30%-ның лицензиясы жалған

26 Маусым 2020, 10:24
1343
Бөлісу:
Пәкістан ұшқыштарының 30%-ның лицензиясы жалған

Алматы, BAQ.KZ. Пәкістандағы азаматтық авиация ұшқыштарының үштен бірінде ұшу рұқсаты жоқ, олардың лицензиясы жалған болып шықты. Бұл туралы елдің Авиация министрі  Гулам Сарвар Хан парламент отырысында айтты, деп хабарлады CNN телеарнасы.

Шенеуніктің айтуынша, ішкі әуе қатынасына қызмет ететін 860 ұшқыштың 262-сі емтиханды өздігінен тапсырмай, өзгелерге ақша төлеп, өз орнына кіргізген.

Олардың ұшу тәжірибесі жоқ, - дейді Хан.

Сонымен қатар, ол Пәкістанның халықаралық әуе желісін қамтамасыз етіп отырған компания лицензиясы жалған ұшқыштардың барлығын жұмыстан қуғанын жеткізді. Құлап қалған Airbus 320 ұшағы осы компанияға тиесілі екен.  

Айта кетсек, 22 мамыр күні Пәкістан халықаралық әуежелісінің ұшағы Карачи ауданында апатқа ұшырап, 97 адам қаза тапқан еді.

Өзгелердің жаңалығы