Пәкістан халқы премьер-министрдің отставкасын талап етуде

5 Қараша 2019, 05:33
1960
Бөлісу:
Пәкістан халқы премьер-министрдің отставкасын талап етуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан астанасында ондаған мың оппозиция өкілдері ереуілге шықты, деп хабарлайды 24.kz. 

Жиналғандар премьер-министр Имран Ханның саясатына наразылығын білдіріп, оның отставкаға кетуін қалайды. Жуырда "Джамаат улема-е-Ислами" партиясының көшбасшысы Фазл-ур-Рехман премьерге 48 сағаттың ішінде орнынан кетсін деген талап қойған болатын.

Ал елдің қорғаныс министрлігінің айтуынша, ереуілдерге қарамастан премьер-министр өз қызметінен кетпейді. Әзірге ереуілден зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. Шаһарда қауіпсіздікті сақтау үшін жүздеген әскери жұмылдырылды. 
Саяси дода дейміз, бірақ жергілікті биліктің ықпалы көп, шешім  қабылдауға араласады. Сайлау нәтижесін бұрмалауға жол беріледі. Әділдікті талап етеміз. Бұл қылмыс қой, енді мұндай қылмыстың жолын кесеміз, - деді "Джамаат улема-е-Ислами" партиясының көшбасшысы Фазл-Ур-Рехман.




Өзгелердің жаңалығы