Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында бірінші қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев қазақстандықтар арасында жалған немесе қасақана банкроттықтың алдын алу үшін қандай шаралар қолданылатынын түсіндірді.
Заң жобасы негізінде кейбір азаматтар табыс тапса да, өздерін банкрот деп жариялағысы келетіндер болуы мүмкін. Осы орайда жеке тұлғаларды жалған немесе қасақана банкроттыққа ұшыратпау үшін құзырлы органдардың қандай шаралар қолданады? – деп сұрады БАҚ өкілдері Қаржы министрлігінен.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін қасақана және жалған банкроттық қарастырылған. Бұл жағдайда дәл осындай баптар қарастырылады. Несие берушілерді алдау, мүлікті жасыру фактілері анықталса, онда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деп жауап берді Марат Сұлтанғазиев қойылған сұраққа.
Бұған дейін «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңының аясында қандай жағдайда азаматтар өздерін банкрот деп жариялай алатыны туралы жазған болатынбыз.
Одан бөлек, Қаржы министрлігі өзін банкрот деп жариялағандарға болашақта қандай кедергілер болатынын түсіндіріп берді.