Өзбекстаннан Қазақстанға қатынайтын автобустар уақытша тоқтады

14 Қаңтар 2023, 15:41
1950
Бөлісу:
Өзбекстаннан Қазақстанға қатынайтын автобустар уақытша тоқтады

2023 жылғы 13 қаңтардан бастап Өзбекстаннан Қазақстанға қатынайтын автобустар тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Nege.kz сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасы көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған аяздың күшеюі себеп болған.

Бұл күндері көршілес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында аяздың күшеюі салдарынан жолдарда мұз пайда болды, ал көлік құралдарындағы техникалық ақаулардың салдарынан жолаушылар қиын жағдайға тап болатын жағдайлар жиі кездеседі. Қолайсыз ауа райын ескере отырып, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы 13 қаңтардан бастап Өзбекстан Республикасынан халықаралық маршруттар бойынша тұрақты автобус рейстері уақытша тоқтайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы