Өзбекстандық бақылаушы: Сайлау жоғары дәрежеде өтті

21 Қараша 2022, 12:40
826
Бөлісу:
Өзбекстандық бақылаушы: Сайлау жоғары дәрежеде өтті

Өзбекстан елінің бақылаушысы Зайнидди Низамходжаев сайлау науқаны туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

20 қарашада өткен ҚР Президентін анықтайтан кезектен тыс сайлауға ТМД елдері ішінен Өзбекстан мемлекетінің өкілдері де қатысты.

Өзбекстан миссиясының өкілі Низамходжаев Зайниддин орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында барша қазақстандықтарды сайлау науқанының жоғары өтуімен құттықтады.

Біз Қазақстанға 17 қарашада келіп, сайлау науқанына дайындықпен толық таныстық. Күні кеше дауыс беру барысында сайлау учаскелерінде болып, бақылау жүргіздік. Біз Қазақстанның сайлауға дайындығын жоғары бағалаймыз. Сайлау халықаралық демократиялық талаптардың бәріне сай жоғары дәрежеде өтті, -деді ол.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер кандидаттардың барлығы жоғары білімді, білікті, тәжірибелі екенін атап өткен ол, сайлауға белсене қатысқан Қазақстандықтар туралы да айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні өткен кезектен тыс сайлауға ТМД-ның құрамына кіретін 9 елден 174 байқаушы шақырылды. Олардың ішінде:Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркменістан, Армения, Беларусь секілді мемлекеттердің өкілдері бар.

Өзгелердің жаңалығы