Өзбекстан үш жылға жарамды IT виза әзірлеуде

24 Наурыз 2022, 03:20
1605
Бөлісу:
Өзбекстан үш жылға жарамды IT виза әзірлеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан 1 сәуірден бастап инвесторлар, IT компания құрылтайшылары, ақпараттық технология саласындағы мамандарға және олардың отбасына IT виза бере бастайды.

Өзбекстанның IT-паркінің жеке тұлғаларға IT виза үш жылға дейін беріледі.

Яғни, бұл визаны алған азаматтар үш жыл бойы Өзбекстанға емін-еркін кіріп-шыға алады. Оған қоса, Өзбекстан азаматтарына қарастырылған білім және медицина қызметтерін алу құқығы қарастырылған.

Айта кетсек, виза IT-парктің ұсынысымен беріліп отырады. Оны алу шарттары мақсатына қарай ерекшеленеді.

IT-визаға берілген өтініш үш жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Өзгелердің жаңалығы