Өзбекстан елімізде өтіп жатқан референдумнан қандай тәжірибе алды?

5 Маусым 2022, 17:18
1509
Бөлісу:
Өзбекстан елімізде өтіп жатқан референдумнан қандай тәжірибе алды?
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық байқаушылардың ақпараттық орталығында шетелдік байқаушылардың брифингі жалғасып жатыр. 

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Зайниддин Низамхожаев Қазақстанда өтіп жатқан референдумнан өздеріне қандай тәжірибе алуға болатынын айтты.

Кеше референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша талқылау болды. Ол кезде Орталық сайлау комиссиясы өте жақсы жұмыс атқарғанын атап өттік. Бұл ең алдымен ұйымдастыру жұмыстары. Референдумды өткізуге қысқа уақытта 10 012 учаске жұмысы ұйымдастырылды. Бұған дейін де сайлауға қатысқан болатынбыз. Қазақстаннан үйренуге де, тәжірибе де алуға болатын тұстар бар. Қазақстандық әріптестерден үйренетін дүние көп екен, - дейді шетелдік бақылаушы брифингте.

Ол еліміздегі референдум учаскелерінде кейбір жұмыстар цифрландырылғанына мән бергенін айтты.

Цифрландыру жұмыстарын жеке атап өтуге болады. Бұл дауыс берушілерге ақпарат алуға жаңа мүмкіндік беріп, өте қолайлы жағдай жасады. Бұл өте жағымды тәжірибе. Осы бағытты Қазақстаннан үйренуге болады, - деп түсіндірді Зайниддин Низамхожаев.

Өзгелердің жаңалығы