Өзбек делегациясы NIS тәжірибесімен танысты

20 Желтоқсан 2020, 16:34
1714
Бөлісу:
Өзбек делегациясы NIS тәжірибесімен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептер агенттігінің өкілдері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының жұмысын бақылап көрді.
 

Агенттік төрағасының орынбасары Амирулла Абдуллаев пен Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Фарход Ниязов NIS басшылығымен кездесіп, педагогикалық шеберлік, педагогикалық өлшеулер және педагогикалық бағдарламалар орталықтары жұмысының басым бағыттармен танысты.

Заманауи білім берудегі аккредитациялау, сертификациялау, халықаралық мойындау, бағалау жүйесі, оқу үдерісінің онлайн форматқа көшуі секілді стратегиялық тақырыптар қонақтардың үлкен кәсіби қызығушылығын тудырды.

озбек2.jpeg


 

Кездесу барысында елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Халықаралық бакалавриат және Халықаралық мектеп сынды оқу орындарының құрылысы мен педагогикалық ұжымды қалыптастыру, NIS-Programmе-ды әзірлеу, іріктеу байқауын өткізу, әлеуметтік тәжірибелер мен элективті курстар жүргізу, ата-аналармен ынтымақтастық орнату және т.б сұрақтар легі талқыланды.

 

Амирулла Абдуллаев бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептері бүкіл әлемге қазақстандық білім беру бренді ретінде танылғанын, инновациялық мектептер құру бойынша NIS-тің үлкен тәжірибесіне көптеген ел қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы