Өз-өзіне қол жұмсаған сарбаз. Күдікті ұсталды

21 Ақпан 2023, 10:05
1697
Бөлісу:
Өз-өзіне қол жұмсаған сарбаз. Күдікті ұсталды

2022 жылдың тамызында «Шөлдала» шекара заставасында мерзімді әскери қызметшісі Б. Мираштың қайтыс болуымен байланысты қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайты жазды.

Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан, - деп жазды Бас прокуратура.

Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.

Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді. Алайда, бұл дерек расталмаған.

Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды. Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылықты ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды, - деп хабарлайды Бас әскери прокуратура.

Өзгелердің жаңалығы