Отставкаға кетемін. Атырау облысының әкімі екі орынбасарына қатысты пікірін айтты

19 Қараша 2021, 18:33
1647
Бөлісу:
Отставкаға кетемін. Атырау облысының әкімі екі орынбасарына қатысты пікірін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бүгінде облыс әкімінің орынбасары болған Нұрлан Таубаевқа қатысты сот процесі жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша сот оны кінәлі деп таныса мен, әрине, отставкаға кетемін. Менің орынбасарларыма қатысты жемқорлық дерегі дәлелденсе мен заң бойынша отставкаға кетемін, - деді ол.

Әкім атағандай, облыс әкімінің екі орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Заң бойынша егер олардың жемқорлық жасағаны расталса, отставкаға заң бойынша кетуім керек, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Облыс әкімі өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы