Өткен жылы елімізде қанша жолаушы тасымалданды

4 Қаңтар 2024, 19:02
480
Бөлісу:
Өткен жылы елімізде қанша жолаушы тасымалданды
Фото: BAQ.KZ - Архив

2023 жылы 13,5 млн астам жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен тасымалданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандықтар үшін ең сұранысқа ие бағыттар: Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей, Алматы-Семей бағыттары болды, олардағы билеттерге деген сұраныс жоғары.

ТЖ билеттеріне жоғары сұраныс жазғы және қысқы кезеңдерде (демалыс маусымы, демалыс) және мереке күндері орын алады. Мәселен, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 2023 жылдың жазғы кезеңінде 4 млн. астам жолаушыны тасымалдады.

Сондай-ақ, жолаушылардын сұранысына ие қызметтердің бірі – «Күту парағы». Бұл қызметті bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында пайдалануға болады. «Күту парағы» көмегімен босатылған билеттерге кезекке тұруға болады. 2023 жылы бұл қызмет 485 мың жолаушыға ұсынылды, оның ішінде 168 мың билет сатып алынды.

Жолаушылар вагондары паркін жаңарту және жолаушылардың ыңғайлы жүруі мақсатында жыл сайын жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар вагондарының паркі шамамен 2151 бірлікті құрайды, оның ішінде стандартты вагондар 1311, Тальго вагондары 732, электр-дизель пойыздарының вагондары 108. Парктің орташа тозуы 44% құрайды.

Парктің жаңарту жұмыстары жалғасуда, 2022 жылы Stadler технологиясы бойынша 537 жоғары технологиялық жолаушылар вагондарын сатып алуға шарт жасалды, оларды 2025-2030 жылдар аралығында жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, өткен жылы ЗИКСТО зауытының 150 жолаушылар вагонын сатып алуға шарттар жасалды. 2023 жылы зауыт 94 жаңа жолаушылар вагонын жеткізді. Олар «Маңғыстау – Атырау», «Ақтөбе — Атырау» және «Павлодар – Түркістан» бағыттары бойынша жеткізіліп, сәтті жүруде.

Өзгелердің жаңалығы