Өткен жылы автокөлікке техникалық қызмет көрсететін 42 станса пайдалануға берілді

11 Қаңтар 2024, 23:10
462
Бөлісу:
Өткен жылы автокөлікке техникалық қызмет көрсететін 42 станса пайдалануға берілді
Фото: tehcoll.org

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша 42 станса пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Статистикалық бюроның мәлімдеуінше, іске қосылған нысандардың нақты құны 3 миллиард теңгеден астам соманы құрады.

Өңірлік бөліністе автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциясын пайдалануға берудің ең үлкен көлемі Түркістан және Атырау облыстарында, тиісінше 14 және 6 объектіден.

Үш өңірде бір-бір нысаннан енгізілді. Бұл Қарағанды мен Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.

Өзгелердің жаңалығы