Өткен жылы Ақтөбе облысында 3 жасырын есірткі зертханасы анықталды

12 Қаңтар 2023, 20:10
751
Бөлісу:
Өткен жылы Ақтөбе облысында 3 жасырын есірткі зертханасы анықталды
Фото: Polisia.kz

 Өткен жылы Ақтөбе облысында 3 жасырын есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Өткен жылы Ақтөбе облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Ақтөбе қаласының аумағында есірткі құралдарын өндіру бойынша 3 жасырын зертхананы анықтады. 

Сондай-ақ профилактикалық есепте 1700-ден астам адам есепте тұр және есірткінің артық дозалануынан өлімнің 10 дерегі тіркелген.

 2022 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысының аумағында есірткі құқық бұзушылық бойынша 320 дерек анықталды, оның ішінде 129 қылмыс және 191 есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс жасау саласындағы қылмыстық теріс қылықтар. 

Сондай-ақ тәркіленген және заңсыз айналымға жіберілмеген есірткінің салмағы 108 келіден асты. 

ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-4-бөлігімен 92 дерек және Ақтөбе облысының ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі контрабандасының жолын кесудің 4 дерегі анықталды. 

Өзгелердің жаңалығы