Өткен тәулікте өңірлерде тұрғын үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ – ТЖМ

6 Сәуір 2022, 12:05
1365
Бөлісу:
Өткен тәулікте өңірлерде тұрғын үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ – ТЖМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 185 тұрғын және 78 саяжай үйді, 2 әлеуметтік нысанды еріген қар суы басты. 

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық 185 тұрғын үйден, 2 әлеуметтік нысаннан және Ақтөбе облысындағы 63 саяжай үйден су сорып шығарылды. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы 15 саяжай үй бақылауда тұр.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында барлығы 1 165 адам эвакуацияланды, оның 676 -ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 480 – туыстарының үйлеріне орналастырылды, 9-ы үйлеріне оралды.

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде, Қарағанды және Ақмола облыстарында облыстық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында жергілікті маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде және Ақтөбе облысында жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскесінде бір көпірде су тасып жатыр, - делінген хабарламада.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері 1 368 мың м3 еріген қар суы сорылды. Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында инертті материалдары бар 68 112 қап төселді. Сонымен қатар  Батыс Қазақстан облысында 250 м2 алқапта өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан 2 402 адам, 798  техника, 350 су айдау құралдары және 18 жүзу құралдары жұмылдырылды.

Батыс Қазақстан облысында Маңғыстау және Атырау облысы ТЖД құтқарушылары Тасқала ауданы мен Орал қаласында жұмысын жалғастыруда.

5 сәуірде алдын алу іс-шараларын өткізу үшін Ақмола облысына ТЖМ 52859 әскери бөлімінің құрамында 40 адам, 4 техника бар әскери қызметшілер келді. Олар Жібек Жолы және Қоянды кенттерінде жұмыс жүргізу үшін 2 топқа бөлінді.

5 сәуірде алдын алу іс-шараларын өткізу үшін Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Зубовск кентіне құрамында 15 адам, 2 техника бар ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы тәулікте Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңбыр түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі, күндізгі уақытта ауа температурасы +60-тан +200С-қа дейін, түнгі уақытта 00-ден +100 С-қа дейін көтеріледі. Осыған байланысты өзен бассейндерінде қарқынды қар еруі, еріген ағын қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Ғарыштық мониторинг деректері бойынша қармен жабу ауданы 30% - дан аз, қар қорының басым бөлігі елдің орталық және солтүстік өңірлерінде байқалады.

Өзгелердің жаңалығы