Өткен тәулікте елге 275 жолаушы ПТР анықтамасыз келді

8 Қаңтар 2021, 12:16
1304
Бөлісу:
Өткен тәулікте елге 275 жолаушы ПТР анықтамасыз келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 7 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті жариялады.


2021 жылғы 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.

1 904 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 629 адам, анықтамасыз 275 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 090 жолаушы, анықтамамен - 923, анықтамасыз - 167;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 644 жолаушы, анықтамамен - 536; анықтамасыз - 108;


Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 9 жолаушы анықтамамен келген;


Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 88 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 73 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 6 қаңтарында анықтамасыз келген 299 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.


Өзгелердің жаңалығы