Өткен тәулікте 69 адамнан коронавирус анықталды

3 Мамыр 2023, 08:28
685
Бөлісу:
Өткен тәулікте 69 адамнан коронавирус анықталды
Фото: polyclinika.ru

Елімізде коронавирус инфекциясының – 69, коронавирус белгілері бар пневмонияның 5 жағдайы жаңадан анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

3 мамырдағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 142 адам (коронавирустан –995 және пневмониядан – 147) емделуде. Олардың ішінде 147 пациент стационарда, 995 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Министрлік мәліметінше, 5 адамның жағдайы ауыр.

Өзгелердің жаңалығы