Өткен тәулікте 16 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді

10 Сәуір 2021, 15:41
1459
Бөлісу:
Өткен тәулікте 16 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 9 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.


2021 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Шри-Ланка, ҚХР, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.

4135 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4119 адам, анықтамасыз 16 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 277 жолаушы, анықтамамен - 2271, анықтамасыз - 6;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1036 жолаушы, анықтамамен - 1027, анықтамасыз - 9;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 458 жолаушы, анықтамамен - 457, анықтамасыз - 1;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 296 жолаушы анықтамамен келген;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 68 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

 

2021 жылдың 8 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 15 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.


Өзгелердің жаңалығы