Отбасындағы мызғымас құндылық – тәрбие

18 Қыркүйек 2022, 09:36
2057
Бөлісу:
Отбасындағы мызғымас құндылық – тәрбие
PHOTO

Елімізде қыркүйек айының басында Отбасы мерекесі аталып өтті. Отбасы құндылықтарына аса мән беріліп, өнегелі үлгілі әулеттер туралы көп айтылып, жазылды. Күнделікті жұмысы мен отбасындағы тәрбиені қатар алып, еңбегінің жемісін көріп отырған мерейі үстем әулеттердің қатарында Жиенбаевтар әулеті бар. Дәрігерлік еңбек жолында 40 жылдан астам еңбек өтілі бар маманның жары да дәрігер. Ал 5 баласының төртеуі де осы жолды таңдап, казір жоғары дәрежелі білікті дәрігерлер атанған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жиенбаев Нұрмұрат Бегалыұлы 1982 жылы Шымкенттегі Медучилищені Тіс техникалық дәрігері мамандығы бойынша бітіріп Қызылорада қаласында еңбек жолын бастайды. 1984 жылы облыс бойынша конкурс болып, сол кездегі үздік, білікті дәрігер маман ретінде танылып, ол туралы кезінде «Ленин жолы» газетінде мақала да жарияланады. Жары Жиенбаева Баян Мәуленқызы да медицина қызметкері, санитарлық-эпидемиологиялық станса дәрігері.

Дәрігер болу жүректің қалауы. Ал осы мамандық иелерінің мінезі қандай болғаны дұрыс? Жұмсақ мінезді ме, әлде қаталдау болғаны дұрыс па?

Әр маман мінезі қандай болса да өзінің жұмысында білікті маман болуы керек деп ойлаймын. Біліктілік жақсы оқу мен тәжірибемен келеді. Сол жолда адал қызмет етсеңіз, жемісін көретініңіз кәміл. Халыққа қызмет көрсету, денсаулыққа көмек беру басты мақсатым болды, сондықтан осы саланы, осы мамандықты медицинаны таңдадым. Пациентке байланысты жұмсақтық танытатын кездер де, қаталдық танытатын кездер де болады.

Отбасындағы мызғымас құндылық – тәрбие

Өйткені ауыз қуысына көп нәрсе байланысты ғой. Мысалы тіс бүтін болса, тамақ жақсы шайналсе басқа органдарға салмақ түспейді. Ал егер тісіңіз жоқ болса не болатынын өздеріңіз де білесіз ғой. Сондықтан қатты айтатын кездер де, жұмсақтық танытатын кездер де болады.

Отбасындағы мызғымас құндылық – тәрбие

Балаларыңыздың төртеуі де дәрігер екен, оларға мамандық таңдауда көмектестіңіз бе?

Балаларыма мамандық таңдауда ешқандай мәжбүрлеу болған жоқ. Әрине осы жолды таңдаса екен деген іштей арманым болғаны рас. Десекте 5 баламның 4-уі осы тіс дәрігері мамандығын таңдап, білікті маман болып шықты. Лаура, Динара, Маржан, Ұлжан, Ақберген есімді балаларым елінің өсіп-өркендеуіне, соның ішінде денсаулық саласына өз үлестерін қосып жүрген мамандар. Өз еңбектерінің жемісі де бар. Тіс дәрігерлері отбасы болғасын Династия Н деген емдеу клиникасын аштық. Әрине бұл істі әулет кәсібі ретінде немерелеріміз жалғастырып жатса тіптен қуанамыз ғой.

Отбасындағы мызғымас құндылық – тәрбие

Немерелеріңіз арасында дәрігер болам дейтіндері бар ма? 

Немерелеріміздің арасында стомотологияға қазірден бастап қызығушылық білдіріп жатқандары бар әрине. Мысалы Сафия, Ұлдана, Кәусар есімді немерелерім өскенде тіс дәрігері боламыз деп қояды, олардың бала тілегіне біз де мәзбіз. Өйткені бала үйде не көрсе, соны алады ғой. Тек білем, үйренем, болам деген жасты қолдап, үйретуден шаршамайық.

Ауыз қуысы мәселесіне үлкен кісілерге қарағанда қазіргі жастар тиянақтырақ па? Сіздің пікіріңіз қалай?

Бұрын ауыз қуыс мәселесіне расымен де үлкен кісілер аса назар аудармайтын. Тіс дәрігеріне тек тісті жұлатын кезде бірақ келетін үлкен кісілер көп болатын. Емдеу, алдын-алу жолдарынан мүлдем бейхабар еді. Ал қазіргі жастар бұл мәселеге тиянақты қарайды. Жастар денсаулық ауыз қуысынан басталатынын біліп, тіс дәрігеріне уақытылы қаралып отыратыны қуантады. Жастар өздері де, балаларын да жас күнінен тіс күтіміне үлкен мән беру керектігін айтып түсіндіріп жатады. Ал дені сау адамның жаны да сау екені белгілі ғой.

Енді отбасы тақырыбына қайта ауыссақ, сіздердің әулетте қалыптасқан дәстүрлер бар ма?

Біздің отбасылық дәстүрлеріміздің бірі үлкен мерекелер мен туған күндерде бір дастархан басына жиналу. Бала-шаға, немерелермен бірге ет асылып, бауырсақ пісіріліп, арқа-жарқа болудың өзі бір ғанибет қой. 

Отбасындағы мызғымас құндылық – тәрбие

Отбасы, ошақ қасы тәрбиесі әр баланың бойында өмір бойы сақталатын баға жетпес құндылық. Бесіктен басталған тәрбие өскелең ұрпақ санасында жазылып қалады.Отбасылық құндылықты туралы не айтар едіңіз?

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Оны қоғамдық тәрбиенің ешбірі алмастыра алмайды. Бала өмірге келгеннен кейін үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізіп, бойына сіңіріп, қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.  Ата-ананың және басқа да отбасы мүшелерінің өмірі, жүріс-тұрысы, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол», дейді ғой. Осыны да ұмытпаған жөн. Абайдың өзі бір қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», - деген екен.

Отбасындағы мызғымас құндылық – тәрбие

Сондықтан есті, саналы ұрпақ тәрбиесін қашанда естен шығармауымыз керек. Жастарымыз қойған мақсатына жетіп жатса еңбегіміздің ақталғаны. Балаларымыз өз саласында білікті білімді мамандар атанды, ата-ана үшін бұл үлкен қуаныш пен мәртебе. Осы әулетіміздің өсіп-өркендеуі алған білім мен еңбектің жемісі деп білемін. Ерінбеген адам қашанда дегеніне жетеді, өйткені елімізде ол үшін бар мүмкіндік бар. Білім алу мен үйренуден шаршамаңыздар!

Отбасындағы мызғымас құндылық – тәрбие

Әңгімеңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы