«Отбасы банктің» қызметі қайта қаралады

1 Қыркүйек 2023, 12:02
797
Бөлісу:
«Отбасы банктің» қызметі қайта қаралады
Фото: hcsbk.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне және бизнестің нақты түріне қарай жіктеу маңызды. Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды. Сондықтан «Бәйтерек» холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн, - деп тапсырды Президент.

Тоқаев экспортты ұлғайтуға айрықша мән беру керегін тапсырды. Сөзінше, оның әдіс-тәсілдері болғанымен, жүйелі ұстаным жоқ.

Осы орайда KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет берілуге тиіс. Бұдан бөлек, «Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аударған жөн, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бәсекелестік дамымаса, бизнес те өркендемейді.

Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы