Отандық техниканың утильалым төлемеу алгоритмі қандай?

24 Ақпан 2022, 12:31
1541
Бөлісу:
Отандық техниканың утильалым төлемеу алгоритмі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев хабарлады. Оның айтуынша,  отандық көлік саласы ешқандай да субсидия алмаған. 

Кейбір қоғам белсенділері РОП (қазіргі «Жасыл даму») арқылы отандық көлік субсидия алғаны туралы айтып жүр. Бұл бос ұғым. Отандық автокөлік ешқандай да мемлекеттік қолдау немесе субсидия алған жоқ. Тікелей де субсидия да, бюджеттен де ақша алмады. Мәселе мынадай, мысалы, импорттық техника елімізге жеткізілгенде утилизациялық алым төлейді. Нарыққа шығарылғанда құнына утильалым кіреді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол отандық техниканың утильалым төлемеу алгоритміне тоқталды. 

Ал отандық техниканың утильалым төлемеу алгоритмі қандай? Бекітілген қағида бар. Яғни алдымен утильалымды төлейді, одан кейін ақшасын қайтарып алған соң  нарыққа техникасын шығарады. Сол ақшасын төлеп, кейін қайтарып алғанын кейбір белсенділер автоөндірушілерге жасалған субсидия немесе мемлекеттік қолдау деп атап отыр. Ондай қолдау жоқ. Ол мемлекеттік қолдау да, субсидия да емес. Кейбір елдерде ақшасын төлеп, бір айдың ішінде қайта алып жатқан болса, халыққа сатқанда төленген ақшаның үстінен қосып отырған жоқ. Кейбір елдерде оны мүлдем төлемейді, тек қана біз шығардық деп қағаз береді, қайтарып алады. Осы қағиданың салдарынан шындыққа жанаспайтын қағида қалыптасты, - деді Марат Қарабаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін вице-министр утильалымның азық-түлік бағасына әсері туралы айтқан болатын.  

Өзгелердің жаңалығы