Отандық сарапшылар білім берудегі жаһандық трендтерді талқылады

28 Шілде 2022, 17:05
1386
Бөлісу:
Отандық сарапшылар білім берудегі жаһандық трендтерді талқылады

Елбасы Академиясында білім беру саласындағы мамандардың бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Дүниежүзілік банктің елдік офисі, British Council, ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығы, Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, Қазақстанның қоғамдық даму институты, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, «Белес» талдау және стратегия орталығы, AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты, BTS Education және тағы басқалары қатысты.Отырыста әлемдік және қазақстандық трендтерді қамтитын білім беру саласындағы соңғы зерттеулер талқыланды.

Қазақстанда «2022 жыл - балалар жылы» деп жариялануы балалар мен жастардың әлеуметтік әл-ауқаты мәселелері бойынша кең ауқымды пікірталасқа серпін береді деп есептейді сарапшылар. Кездесуге қатысушылар балалар мен жастардың мүддесі үшін жобаларды әзірлеу кезінде сараптамалық қоғамдастықтың зерттеулері мен баяндамаларының нәтижелерін ескеру және оларды мониторингтің объективті нысандары мен ұсынымдарды қалыптастыру құралдары ретінде пайдалану маңызды екенін атап өтті.

Бәріміздің міндетіміз – білім беру саласындағы сарапшылар ретінде ғана емес, ата-аналар мен жанашыр адамдар ретінде жаңа Қазақстанда балаларымыздың мектептер мен университеттерде тек білім алып қана қоймай, оларға көмектесетін дағдыларды игеруі үшін барлық күш-жігерімізді салу, басқа елдерден келген өз құрдастарының алдында бәсекеге қабілетті болу, - деді Елбасы Академиясының директоры Асланбек Амрин.

Талқылау тақырыптары мектепте және жоғары оқу орнында оқыту мәселелері, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимылы мәселелері болды.

Асланбек Амриннің айтуынша, жоғары білім экономиканың мәселелері мен проблемаларын шешуі тиіс, сондықтан оқу бағдарламаларын жасау үшін бизнесті белсенді түрде тарту қажет.
 

Әрбір жоғары оқу орны барынша жинақталған және ол орналасқан өңірдің проблемаларын шешуге бағытталған болуы тиіс. Болашақта жоғары білім пәндерін біріктіріп, нәтижесінде жұмыс дағдысын және еліміз үшін қажет басқа да бағыттарды дамытатынына сенімдімін, - деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, болашақтағы трендтердің бірі отандық экономиканы кадрлармен нақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Жеке білім беруді дамыту маңызды екеніне сенімдімін. Сондықтан Академияда біз балалардың таланты мен қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асырамыз. Өйткені дәстүрлі түрде олимпиадалар, ғылыми жарыстар және зияткерлік ойындар арқылы өткізіледі. Оған мықты мектептерде сапалы білім алуға мүмкіндігі бар оқушылар қатысады, - деп түсіндірді Елбасы Академиясының директоры.

Осыған байланысты ол Qabilet әдістемесін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл әдістеме балалардың қабілетін ерте жастан анықтауға мүмкіндік береді әрі білім беру әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталған.

Qabilet әдістемеміз 5-6 жастағы баланың дарынын анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жеке тұлғаның дамуының негізгі бағыттарын көрсететін «дарын профилі» жасалады.  Мұның бәрі осындай балаға жеке білім беруге мүмкіндік береді, мектепті бітіргеннен кейін бала өз саласының маманы болады, ал жоғары білім дағдыларды одан әрі жетілдіруге және білімді тереңдетуге көмектеседі. Бұл бізге өз жұмысына терең қызығушылық танытатын әр саланың кәсіпқойлары мен сарапшыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деп түйіндеді сөзін «Елбасы Академиясының» директоры.

«Қазақстандағы Адами даму индексінің көрсеткіштеріне сәйкес, 2020 жылы туған бала (COVID-19-ға дейін) ең жоғары өнімділікке шаққанда орташа есеппен 63% жетеді деп болжанып отыр.

Қазақстан өңірлері арасында АДИ-да айтарлықтай теңсіздік байқалады және білім беру сапасы (оқыту нәтижелері) елдегі адами капитал айырмашылығының негізгі факторы болады. Адами капиталды теңестіру үшін білім барлық аймақта сапалы болуы керек. АДИ көрсеткіші төмен өңірлерге, артта қалған өңірлерге инвестицияларды ұлғайту және саяси реформаларды іске асыру үшін әлеуетті дамыту арқылы халықтың осал топтарына назар аудару қажет, - деді Дүниежүзілік банктің кеңесшісі Альмира Закиева.

Өзгелердің жаңалығы