Отандық мультсериалдар енді Америка құрлығында көрсетіледі

4 Қыркүйек 2020, 17:19
2168
Бөлісу:
Отандық мультсериалдар енді Америка құрлығында көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Balapan телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Алдағы уақытта Balapan арнасының 5 анимациялық жобасы АҚШ-та кабельдік арналар, ал Латын Америкасы елдерінде VOD және онлайн-каналдар арқылы көрсетіледі. Енді «Тынымсыз шөжелер», «Сәби», «Еркелер», «Шахмат патшалығы», «Пырақтар» жобаларын аталған елдерде ағылшын, испан және португал тілдерінде көру мүмкіндігі бар. Келісімшарт АҚШ-тың желілік және спутниктік хабар тарату қызметін жүзеге асыратын Olympusat компаниясымен жасалды, - деп жазды ол. 

Сонымен қатар, Balapan-ның анимациялық жобалары Ресейдегі №1 онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасына жүктеледі. Енді «Күлкі іздеген Күнекей», «Сәби», «Еркелер» мультсериалдарын аталған платформадан тамашалауға болады. Айта кету керек, IVI.RU платформасының контенті бір айда 50 миллионға жуық қаралым жинайды. 

Бұл – арна мен еліміздегі анимация тарихындағы айтулы оқиға. Арнаның барша көрерменін осынау маңызды да ірі жетістікпен құттықтаймыз!, - деп қосты арна директоры.


Өзгелердің жаңалығы