Отандық гимнаст Хорватиядағы жарыста қола медаль еншіледі

12 Маусым 2023, 18:01
584
Бөлісу:
Отандық гимнаст Хорватиядағы жарыста қола медаль еншіледі
Фото: Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі

Эмиль Ахмеджанов Әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы Әлем Кубогы кезеңінде отандасымыз Эмиль Ахмеджанов 3-орын алды. Ол тіреніп секіру жаттығуында 14.283 ұпай жинады. Бұл сында осы бағдарламада 2022 жылғы әлем чемпионы армениялық Артур Давтян 15,035 балл жинап алтыннан алқа тақса, күмісті бразилиялық Кайо Соуза жеңіп алды. Осы финалда өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Асан Салимов 7-сатыдан көрінді. Оның жаттығуына төрешілер 13.749 балл берді.

Эмиль Болгарияның Варна қаласында өткен алғашқы кезеңде еркін жаттығуда қола жүлдеге қол жеткізген. Жалпы бұл жарысқа 24 елден 150-ге жуық спортшы жиналған.

Алдағы кезеңдерді Мерсин, Сомбатхей мен Париж қаласы қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы