Отандық дзюдошы Душанбедегі Гран-приде қола еншіледі

3 Маусым 2023, 11:01
621
Бөлісу:
Отандық дзюдошы Душанбедегі Гран-приде қола еншіледі
Фото: Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі

Тәжікстан астанасы Душанбедегі Гран-приде Сұңғат Жұбатқан 66 кг дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысын, 2-айналымда жарыс қожайыны Нұрали Эмомалиді ұтқан. 

Алайда ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді. 

Одан кейін жұбаныш белдесінде Ұлыбритания палуаны жеңіп қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Мұнда ол испаниялық Адриан Нето Чинарродан басым түсті.

Бұл Ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі.

Өзгелердің жаңалығы