Отандық ауыр атлет Азия чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі

7 Ақпан 2024, 14:55
389
Бөлісу:
Отандық ауыр атлет Азия чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі
Фото: Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы

Ташкентте өтіп жатқан чемпионатта ауыр атлет Александр Уваров күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзбекстан астанасы Ташкенттегі өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта 2 зілтеміршіміз өнер көрсетіп, Александр Уваров күміс медаль иеленді. 

Ханчжоу-2022 Азия ойындарының қола жүлдегері жұлқа көтеруде 153 кг, серпе көтеруде 190 кг көтеріп, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен 2-орын иеленді. 

Әлібек Рақымберді 5-орынмен шектелді. 

Ерлер. 81 кг 

Ри Чонг Сонг 369 кг (169+200) 

Александр Уваров 343 кг (153+190) 

Гайгысыз Тораев 337 кг (148+189) 

Әлібек Рақымберді 298 кг (130+168)

Өзгелердің жаңалығы